кеше 16:00 Петропавлда кәсіпкерлерге қамқорлық жасағаны үшін пара алған полиция бастығы 7 жылға сотталды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда полицияның екінші бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Руслан Шакиров жасаған сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.06.2023 14:45 Петропавлдағы дауыл: қалада электр энергиясын беру қалпына келтірілді ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда энергетиктер кеше кешке болған дауылдың салдарымен күресіп, түске дейін жарықсыз отырған үйлерде электр қуаты қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.06.2023 14:35 СҚО-да балалар этноауылдарда демалады ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында балалар ерекше лагерьлерде демалады. Ұлттық салт-дәстүрді насихаттаған этноауылдар әзірге екі аудан орталығында ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.06.2023 12:33 Петропавлда дауылдың салдарынан 13 қосалқы станция істен шықты ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда кеше кешқұрым болған дауылдың салдарынан бірнеше шағын аудан жарықсыз отыр. Энергетиктер 13 қосалқы станцияның жұмысын қалыпқа келтіру үшін түні бойы жұмыс істеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.06.2023 02:00 Петропавлда күшті жел ағаштарды құлатып кетті ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бірнеше күн қатарынан болған аптап ыстықтан соң күшті жел тұрып, нөсер жаңбыр жауды. Дауыл қас-қағым сәтте бүкіл қаланың астаң-кестеңін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
07.06.2023 20:50 Петропавлда жылу магистралінің 68% ескірген ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 284 км жылу магистралі болса, соның шамамен 68% ескірген. Биыл 11,7 км ауыстырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.06.2023 18:59 Әсем Рахметова СҚО-дан сайланған Сенат депутаты ретінде тіркелді АСТАНА. ҚазАқпарат – Парламент Сенатына Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған Әсем Рахметоваға депутат куәлігі мен төсбелгісі табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтына сілтеме жасап.
07.06.2023 14:12 Солтүстік Қазақстан облысында бруцеллез анықталған ауылға шектеу енгізіледі АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысындағы Талшық ауылында ірі қарадан бруцеллез анықталды. Тиісінше, елді мекен аумағына шектеу енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.06.2023 11:46 Петропавл қаласындағы айналма жол уақытша жабылды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - ҚазАвтоЖол Петропавл қаласын айналма жол уақытша жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
06.06.2023 22:13 СҚО жылу-электр орталығындағы құлаған мұржаның орнына салынатын нысанның іргетасы құйылды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров Петропавлдағы 2-ші жылу-электр орталығында болып, мұндағы жылыту маусымына дайындық барысын, жаңа мұржа құрылысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.06.2023 18:36 СҚО-ға Мұхаммед Пайғамбардың шашы әкелініп, жауын тілеу намазы оқылды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындар мешітте жиналып, тасаттық намазын оқып, жаңбыр сұрады. Берекесі тисін деген ниетпен өңірге Мұхаммед Пайғамбардың шашы да жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.06.2023 16:29 Петропавлды Ресейге қосуды сұраған әйел 3 жылға сотталды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл тұрғыны сепаратистік әрекеті үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.06.2023 14:52 СҚО-да аптап ыстыққа байланысты жедел жәрдем шақыратындар күрт көбейді ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында аптап ыстық жүрек-қантамыр ауруы барларға қиын соғып жатыр. Жедел жәрдем қызметінің көмегіне жүгінушілер саны артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.06.2023 13:10 Алқаптарға себілетін тыңайтқыштың 25,5%-ы СҚО-ға тиесілі АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл егіс алқаптарына себілетін тыңайтқыштың 25,5%-ы СҚО-ға тиесілі. Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.06.2023 22:02 Қалқанша безінің қатерлі ісігіне әйелдер үш есе жиі шалдығады – онколог ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында қалқанша безі қатерлі ісігімен 746 адам есепке алынса, соның тек шамамен әр он екіншісі ғана ер адамдар. Әйелдер арасында жиі кездесетін қатерлі дерт жайында, оның белгілері мен алдын алу жолдары туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыстық көпбейінді аурухананың онкология орталығының торакалды бөлім меңгерушісі Рашид Алиев айтып берді.
05.06.2023 15:07 СҚО-да ер адам бес жыл алимент төлемей, қарызы 5 млн теңгеге жеткен ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында баласына бес жыл бойы алимент төлемеген тұрғын қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Оның осы аралықтағы қарызы 5 млн теңгеге жуықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.06.2023 11:55 СҚО-да екі балаға қызылша диагнозы қойылды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері бес бала қызылша ауруына күдіктелсе, соның екеуінде диагноз зертханалық жолмен расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.06.2023 08:30 СҚО-да өрттің алдын алу мақсатында 53 жедел мобильді топ құрылды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өрт қауіпті кезеңнің басталуымен 53 жедел мобильді топ құрылған. Нәтижесінде қауіпсіздік талабын бұзған 151 адам анықталып, оның тоғызына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.06.2023 23:30 СҚО-да кейінгі екі жылда 48 мыңға жуық баланың құқығы қорғалды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында прокуратура органдарының араласуымен кейінгі екі жылда 48 мыңға жуық кәмелет жасына толмаған баланың құқығы қорғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.06.2023 18:56 СҚО-да демалыс күндері термометр бағаны +42 градусқа жетпек ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы аптап ыстық демалыс күндері шарықтау шегіне жетпек. Өңірде ескерту жарияланды. Болжам бойынша ауа температурасы +41..+42 градусқа дейін жетпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.