Солтүстік Қазақстан облысы Қытайға тазартылған май экспорттайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының басшылығы жергілікті тазартылған майды Қытайға экспорттауды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Майлы дақылдарды қайта өңдеуден өткізетін Қазақстандағы ең үлкен зауыт біздің облыста орналасқан. Жақында ғана зауыттағы рафинадтау цехын іске қостық. Жыл бойы жалпы көлемі 100 мың тонна шикізатты өңдеп, Қытайға тазартылған май экспорттауды жоспарлап отырмыз», - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Сонымен бірге, өңір басшысы биылғы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі бойынша есеп берді.

«Биылғы 7 айда агроөнеркәсіптік кешенде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 81 млрд теңгені құрады. Инвестициялар түсімі - 32 млрд теңгені, жеке көлем индексінің өсімі 23,9%-ды құрады», - деп толықтырды әкім өз сөзін.

Соңғы жаңалықтар