Солтүстік Қазақстан әкімдігі оңтүстіктің мектеп бітіруші түлектерін шақырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Серпін-2050» бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы биылғы мектеп бітіруші түлектерді оқуға шақырады. Өтініштерді қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеуден өткен соң басталады, деп хабарлады ОҚО әкімдігінің ресми сайты shymkenttv.kz сілтеме жасай отырып.

Қанатқақты жобаның шарапатын ең алғашқылардың бірі болып, оңтүстікқазақстандық 500 түлек көрді. Олар жоба аясында өңірімізден тысқары кетіп, республиканың 7 жоғары және 23 арнаулы оқу орындарына грант негізінде оқуға түсті. 150 студент Солтүстікке жол тартты. Оқу орнына студент болып қабылданып қана қоймай, шәкіртақыға ие болды. Жолақы, жатақхана және жылы киіммен қамтамасыз етілді. Былтырғы түлектер биыл бірінші курсты бітіреді. Айта кету керек, биыл мемлекеттен бөлінетін грант орындары көбейеді. Бұл үшін жергілікті қазынадан әр оқушыға 495 мың теңге көлемінде қаржы қаралмақ. Осыған орай, Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы күнгейлік жастарды оқуға шақырып, оңтүстік облыстағы әріптестерімен бірге арнайы брифинг өткізді. Орта арнаулы оқу орындарына түсу үшін жоғары балды жинаудың қажеті жоқ. Талап бойынша 30 балдық көрсеткішке жетсеңіз болғаны. Техникалық білім алған түлектердің 75 пайызы жұмыспен қамтылады деген жоспар да бар.

Соңғы жаңалықтар