Солтүстік Каролинадағы күре жолда 90-нан астам көлік соқтығысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Каролина штаты магистралінің бөлігінде бірнеше сағаттың ішінде бірнеше ондаған көлік соқтығысты, деп хабарлайды NBC News.

Жол-көлік оқиғаларына ретінде ауа райы жағдайы себеп болып отыр. Апатқа 94 көлік ұшыраған.

Апат салдарынан шамамен 20 адам зардап шекті, бірақ қандай да бір күрделі жарақаттар туралы хабарламалар келіп түскен жоқ. Шұғыл қызметтер күре жолды бес сағатқа жауып тастады, бұл үлкен кептеліске әкеліп соқтырды.

І-40 күре жолындағы жол-көлік апаты бірнеше шақырымға және бірнеше сағатқа созылғаны атап өтіледі.

Соңғы жаңалықтар