Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Солтүстік Каролинада полиция қызметкері қарусыз адамға 6 рет оқ атты

2022 жылғы 29 маусым 16:26

КОНКОРД. ҚазАқпарат – Солтүстік Каролина штатында қайтыс болған азаматтың анасының адвокаттары қарусыз адамға алты рет оқ атқан полиция қызметкерін жауапқа тартуды талап етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ABC News-ке сілтеме жасап.

29 жастағы Брэндон Комбс ақпан айында көз жұмды. Конкорд қаласында болған бұл оқиғаның видеосын көрген адвокаттар абдырап қалғандарын мәлімдеді. Онда полиция қызметкері Тимоти Ларсонның қарусыз азаматты бес рет атып, диспетчерге қоңырау шалмай кідіріп, кейін күдіктіні тағы бір мәрте атқаны көрінеді.

Адвокаттардың айтуынша, бейнекамералардағы жазба офицер оқ жаудырғанға дейін Комбс пен офицер Ларсон арасында жанжал болмағанын көрсетеді. Видеоға Комбстың полицияның жол талғамайтын көлігінің жүргізуші орнына отырғаны, оны Ларсонның жаяу қуғанынан қысқа үзінді түсіп қалған.

Адвокаттар шенеуніктерді видеоны жария етіп, полиция қызметкерін негізсіз күш қолданғаны үшін айыптауға шақырды.


Автор:

Смағұлова Еркежан

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар