+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Солтүстік инвестициялық банкі Қазақстанда жұмыс істеуге ниетті

2019 жылғы 9 қазан 16:24
Бөлісіңіз:
Солтүстік инвестициялық банкі Қазақстанда жұмыс істеуге ниетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының Қаржы және бюжет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы Солтүстік инвестициялық банктің Қазақстандағы қызметін реттейтін негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тиімділігі артады - Сенат Дариға Назарбаева: Жергілікті өзін-өзі басқару толыққанды және күшті буын болуы тиіс Қазақстанда Солтүстік инвестициялық банк қызмет көрсетеді

Аталған құжатқа 2018 жылғы 16 қазанда Хельсинки қаласында қол қойылған болатын. Келісім Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін Солтүстік инвестициялық банктің қызметін ашуға мүмкіндік береді.

ҚР Ұлттық экономика бiрiншi вице-министрі Әсет Ирғалиевтің айтуынша, Солтүстік инвестициялық банк қаржыландыруының негізгі бағыттары ретінде энергетика, телекоммуникация, көлік, өнеркәсіптің түрлі салалары, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау сияқты секторлар қамтылған. Қазақстан мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы аталған келісім еліміздегі кәсіпкерлікті және жеке секторды дамытуға, экономиканың сапалы өсімін арттыруға мүмкіндік береді. Келісім мүшелік жарналар және бюджеттен басқа да төлемдерді талап етпейді.

Осы орайда ол келісімді ратификациялау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайтынын атап өтті.

Талқылаудан кейін комитет мүшелері құжатты Парламент Сенаты жалпы отырысының талқылауына жолдады.

Айта кетейік, Солтүстік инвестициялық банк 1975 жылы құрылды және Скандинавия мен Балтық елдері мүше болып табылатын көпжақты даму банкі. Штаб-пәтері Хельсинки қаласында орналасқан. Солтүстік инвестициялық банктің жарғылық капиталы 6 млрд 142 млн еуроны құрайды, ол мүше елдердің төлемдерінен қалыптасады (Дания, Эстония, Финляндия, Исландия, Латвия, Литва, Норвегия, Швеция).

Солтүстік инвестициялық банктің жалпы кредиттік портфелі 2018 жылы 19,1 млрд еуроны құрады. Қарыздар 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Банктің стратегиясына сәйкес кредиттік портфельдің шамамен 20% оның мүшелері болып табылмайтын елдерге беріледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT