Солтүстік бес облыста -3 градусқа дейін үсік жүреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде  жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.  

Түнгі уақытта республиканың солтүстігінде, орталығында жаңбырдың соңы қарға ұласып, найзағай ойнайды және екпінді жел тұрады. Күндіз шығыста бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірде ауа райы құбылмалы болады. Солтүстікте, солтүстік-батыс пен орталықтың кей жерлерінде түнде үсік күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз екпіні 23 м/с жетеді, шаңды дауыл тұрады.

Түнде және таңертең Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ға дейін күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Атырау облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының  кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының  кей жерлерінде түнде 3 градус үсік жүреді.

Соңғы жаңалықтар