Соқырішекке шалдыққан балықшыны санавиация Атырауға жеткізді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Соқырішекке шалдыққан балықшыны санавиация дәрігерлері Атырауға жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

«15 қараша күні 9:37-де Атырау облыстық ТЖД кезекші пультіне Жылыой ауданында Амангелді өнеркәсіп кооперативі балықшысының соқырішекке шалдыққаны туралы хабарлама түскен. Жылыой ауданы аймағындағы аралдан Атырауға 10-12 сағат қайықпен жүзіп жету мүмкін болмаған соң санитарлық авиация қызметі шұғыл шақыртылды», - деді Руслан Иманқұлов.

 Оқиға орнына ҚР ІІМ ТЖК «Қазәуеқұтқару» АҚ батыс филиалының МИ-8 тікұшағы 11:40-та жетті. Экипажда жеке құрамның 3 қызметкері, бір фельдшер-дәрігер болған. 

Мамандар 13:50-де науқас адамды аралдан тауып алды. 15:01-те балықшы Атырауға жеткізіліп,  «Теміржол ауруханасына» жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар