Соғыста ерлікпен қаза тапқан үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағы берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Жарлығымен Екінші дүниежүзі соғысында ерлік көрсеткен үш майдангер марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын» делінген Жарлықта.


Әбдібеков Төлеуғали

Насырханұлы

(марқұм)

8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені

Несмиянов Александр

Александрович

(марқұм)

126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі

Сүлейменов Ыбырайым

(марқұм)

100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мерген-бақылаушысы.


Соңғы жаңалықтар