+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Соғыс және еңбек ардагерлерінің ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз - Мәулен Әшімбаев

2021 жылғы 9 мамыр 10:51
Бөлісіңіз:
Соғыс және еңбек ардагерлерінің ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз - Мәулен Әшімбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңіс күні – елге мұра, ұрпаққа ұран болған өшпес ерліктің мерекесі. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – елге мұра, ұрпаққа ұран болған өшпес ерліктің мерекесі. Отан үшін от кешкен аталарымыздың батырлығы мен жанқиярлығының жарқын үлгісі. Президентіміз атап өткендей, халқымыз үшін Жеңіс күнінің қашанда орны бөлек. Өйткені еліміздегі әр отбасы сұм соғыстың азабын тартып, зардабын сезінді», - деді Мәулен Әшімбаев.

Оның атап өтуінше, майданға аттанған азаматтарымыздың жартысы елге қайтып оралмады. Ұрыс даласында қайсарлығымен көзге түскен 500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды. Тылда қалғандар да күндіз-түні еңбек етіп, жеңіске жетуге зор үлес қосты.

«Сондықтан фашизмді күйретуге тікелей атсалысқан соғыс және еңбек ардагерлерінің ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Аталарымыздың жанкештілігі мен әжелеріміздің төзімділігін кеңінен дәріптеу, арамызда жүрген майдангерлерімізге құрмет көрсету, өмірден өткендерінің рухына тағзым ету – біздің перзенттік парызымыз. Сол арқылы біз бейбітшілік пен тыныштықтың қадірін түсінеміз. Өскелең ұрпақтың патриот болып қалыптасуына жол ашамыз. Мұның қазіргідей сын-қатерлер заманында маңызы аса зор. Жеңіс күнімен құттықтай отырып, ардагерлерімізге мықты денсаулық және амандық тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», - деді Сенат төрағасы


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT