+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

«Соғыс жағдайы туралы» заңда атқарушы биліктің өкілеттігі толықтырылады - Мәжіліс

2020 жылғы 15 қаңтар 11:51
Бөлісіңіз:
«Соғыс жағдайы туралы» заңда атқарушы биліктің өкілеттігі толықтырылады - Мәжіліс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәжіліс «Ардагерлер туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жаңа төрағасы сайланды Мәжіліс оқ-дәрі қоймаларына қатысты заң жобасын мақұлдады

Заң жобасының негізгі мақсаты – мемлекеттің қорғанысқа және әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындық жүйесін жетілдіру, Қазақстан Республикасының соғыс жағдайы саласындағы заңнамалық актілерін ықтимал әскери қауіп-қатерлерге және әскери қақтығыстар сипатындағы өзгерістерге сәйкес келтіру. Заң жобасы Еңбек кодексіне, «Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы», «Жұмылдыру дайындығы туралы», «Соғыс жағдайы туралы» үш заңға түзету енгізуді көздейді.

«Оның мақсаты – мемлекеттің соғыс жағдайы кезеңінде жұмыс істеуі, сонымен қатар бейбіт уақытта оған дайындалу мәселесін құқықтық реттеу. Әсіресе, «Соғыс жағдайы туралы» Заңда Президент өкілеттігін толықтыру ұсынылып отыр. Ол бейбіт уақытта іске асырылады. Бұл соғыс жағдайы саласын қолдану тәртібін айқындау, Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшылығы Ставкасы туралы, Қорғаныс кеңестері туралы, соғыс жағдайы кезеңінде Үкімет қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекіту болып отыр», - деді ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы Мұрат Бектанов.

Одан басқа Үкімет қызметі мынадай өкілеттікпен толықтырады: бейбіт уақытта соғыс жағдайы кезеңіндегі министрліктер туралы ережені бекіту, соғыс жағдайы кезеңінде Үкімет құрылымына кіретін мемлекеттік органды соғыс уақытындағы штатқа көшіруді ұйымдастыру, жергілікті атқарушы органға азаматтық және аумақтық қорғаныс саласын қамтамасыз ету міндетін белгілеу.

«Сонымен қатар, соғыс жағдайы кезеңінде жергілікті атқарушы органның өкілеттігін көздеу, оларға «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаныс кеңесін» құруға өкілеттік беру ұсынылады. Бұл ретте қорғаныс кеңестері әскери басқару органы ретінде соғыс жағдайы саласының орындалуын қамтамасыз етеді. Олар тек соғыс кезеңіне құрылады. Сондықтан Қарулы Күштер құрылымына кірмейді», - деп нақтылады ведомство өкілі.

Мұнымен қоса, «Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы» Заңға қорғанысты жоспарлау бойынша бірқатар түзету енгізу ұсынылды. Олар жүйелі түрде, яғни барлық басқару вертикалы бойынша қаралды. Әрбір деңгейге тиісті өкілеттік пен функция енгізіледі.

«Біріншіден, Президент өкілеттігін қорғанысты жоспарлау қағидасын бекітумен толықтыру ұсынылады. Онда жоспардың құжаттар жинағы, мемлекеттік органның құжатты әзірлеу құзыреті көзделген», - деді Мұрат Бектанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT