Соғыс ардагерлеріне бір реттік көмек беру үшін бюджеттен 2,3 млрд теңге бөлінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне бір реттік көмек беру үшін бюджеттен 2,3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, әлеуметтік салада әрдайым сұрақтардың туындай беретіні түсінікті. Оны Үкімет мүшелері бақылауға алып, өңірлердегі барлық сұрақтар талданып, шаруалар жүзеге асырылатын болады. Алдымызда Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні келе жатыр. Елімізде 1400-ден астам соғысқа (Екінші дүниежүзілік соғысқа) қатысқан азамат бар. Оларға берілетін бір реттік көмек үшін 2,3 млрд теңге бөлінеді», - деді Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Үкіметтің баспасөз орталығындағы баспасөз мәслихатын түйіндей отырып.

Айта кетсек, Үкіметтің баспасөз орталығында Бердібек Сапарбаев 160 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанын мәлім еткен болатын. Оның айтуынша, ол шамамен - 806 мыңдай халық. Берілген талаптарға сай келмегендіктен, 10 мың отбасыға АӘК тағайындалмаған.

Аталмыш баспасөз мәслихатында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша өңірлерге жасаған жұмыс сапарлары қорытындыланды.

Соңғы жаңалықтар