Соғыс ардагері Айсара Баймұратова 103 жасқа толды

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округінің тұрғыны Айсара Баймұратова Екінші дүниежүзілік соғыс пен жапон соғысына куәгер болған, тылда жүріп еңбек еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1919 жылы дүние есігін ашқан Айсара Баймұратова балалар үйінде тәрбиеленген. Екінші дүниежүзі және Жапон соғыстарына қатысқан.

Жылқымен жүріп солдаттарға су мен тамақ тасыған. Бос уақытында тігін тіккен. Ал соғыстан кейінгі жылдары тың игеруге белсене атсалысып, канал қазу жұмыстарына қатысқан.

Отбасын құрып, 3 қыз, 2 ұл тәрбиелеп өсірді, 40-тан астам немере және 70-ке жуық шөбере сүйіп отыр. Сондай-ақ 4 шөпшегінің қолынан май жалауда.

«Атамыз жұбайын қатты қызғанған екен. Сөйтіп орден-медальдарын өртеп жіберген. Содан ешқандай марапаттары қалмаған. Мен 1983 жылы осы отбасыға келін болып түстім. Апамыздан үйренгенім көп. Тәлім-тәрбиесін алып, өсиетін тыңдап өстік. Қазір өсіп-өнген үлкен әулетке айналып отырмыз», - дейді келіні Мариям.

Ақжаулықты әжейдің 2 қызы және 2 келіні «Батыр ана» атағын алған.


Соңғы жаңалықтар