Софиядағы турнир: Қыздар құрамасының 3 боксшысы финалға шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Софияда өтіп жатқан халықаралық бокс бәсекесінде Қазақстан қыздар құрамасының үш боксшысы финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Ангелина Лукас, Надежда Рябец және Валентина Хальзова чемпиондық атақ үшін жұдырықтасатын болады.
Жартылай финалда жеңіліс тапқан Карина Ибрагимова жарыстың қола жүлдегері атанды.


Соңғы жаңалықтар