Содырлар «Қазақтелеком» кеңселеріне шабуыл жасаған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Лаңкестер «Қазақтелеком» ұлттық байланыс операторының кеңселерін басып алмақ болған. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ басшысы Қуанышбек Есекеев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда және басқа қалаларда орналасқан кеңселерімізге бұқаралық байланыс құралдарын тартып алмақ болған теріс пиғылды содырлар шабуыл жасады. Біздің қызметкерлер деструктивті элементтерге қарсы тұра алды және барлық жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті», - деді ол.

Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» әдеттегідей жұмысын жалғастыруда.

Еске салсақ, лаңкестер Алматыдағы Орталық мемлекеттік мұражай мен Ұлттық кітапханаға шабуыл жасағанын, сондай-ақ, Алматыдағы халықаралық әуежайды басып алуға 800 адам қатысқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар