Сочиден ұшқан РФ Қорғаныс министрлігінің ұшағы радар экранынан жоғалып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әуе диспетчерлері Сочиден ұшқан Ту-154 ұшағымен байланыс орната алмай жатыр. РФ Қорғаныс министрлігіне қарайтын ұшақ сириялық Латакияға рейс жасаған, деп хабарлайды Би-би-си.

Анықталған деректер бойынша, Ту-154 бортында 91 адам, оның ішінде музыкантшылар мен баспасөз өкілдері болған, деп хабарлайды РИА Новости  қарулы күштер дереккөзіне сүйеніп.

Интерфакстың төтенше қызметі дереккөзінің айтуынша, ұшақ радардың экранынан Қара теңіздің ресейлік аумағында маневр жасаған кезде жоғалды.

Дереккөздің мәлімдеуінше, ұшақ әуежайдан 5-7 шақырым ұшқан соң жоғалып кеткен.

Басқа да ақпараттарға сүйенсек, ұшақ Мәскеу уақытымен сағат 5:20-да ұшып, 20 минуттан кейін байланыс жоғалған.

Бұрын Ресей авиациясы РИА Новостиге ұшақтың азаматтық еместігін және оның қорғаныс министрлігіне тиесілі екендігін растаған еді. 

Соңғы жаңалықтар