Сочиде ТМД Мемлекет басшылары кеңесі жұмысын бастады

None
None
СОЧИ. ҚазАқпарат - Ресейдің Сочи қаласында ТМД Мемлекет басшылары кеңесі жұмысын бастады. Достастық елдерінің президенттері Кеңестің шағын құрамдағы отырысына кірісті.

Кездесу басында ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің қазіргі төрағасы Владимир Путин қатысушыларды қарсы алды.

«Саммит күн тәртібі тығыз. Біз ТМД аясындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдарын белгілейміз. Достастықтың және оның құрылымдарының тиімділігін арттыру үшін қандай шаралар қабылдау қажеттігі туралы пікір алмасамыз. Дәстүрге орай экономика тақырыбына ерекше мән береміз. Сауда және инвестициялық байланыстарды тереңдетуге, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер қозғалысына кедергі болатын тосқауылдарды жоюға бағытталған шараларды талқылаймыз. Жаңа, ірі, өзара тиімді іскерлік жобаларын жүзеге асыру үшін біздің барлық мүмкіндіктеріміз бар», - деді Владимир Путин.

Одан әрі ТМД Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев Кеңес қатысушыларын алда тұрған шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулердің күн тәртібімен таныстырды. Ол 10 қазан күні өткен ТМД Сыртқы істер министрлерінің отырысында 9 құжат мақұлданғанын атап өтті.

ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев, Ресей президенті В. Путин, Әзербайжан президенті И. Әлиев, Армения президенті С. Саргсян, Молдова президенті И. Додон, Тәжікстан президенті Э. Рахмон, Түрікменстан президенті Г. Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Ш. Мирзиеев, Қырғызстан премьер-министрі С. Исаков қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар