Сочи көшелерінде Димаштың суреттері ілінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 қыркүйек күні Сочиде есімі әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетеді. Бұл жайында хабарландыру әншінің Инстаграмдағы парақшасында жария етілген болатын. Осыған байланысты әншінің жанкүйерлері Сочи көшелерінде Димаштың суретімен баннерлер ілгізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Димаш Құдайберген 5 қыркүйек күні A'Studio тобының шығармашылық кешінде өнер көрсетеді. Сонымен қатар ол 9 қыркүйек күні «Жаңа толқын» байқауының жабылу рәсіміне арналған көнцертте ән шырқап, жанкүйлерлерін тағы да қуантады. Жіберіп алмаңыздар», - делінген әншінің парақшасындағы хабарламада. 

Айта кетерлігі, әншінің Сочиде өнер көрсету құрметіне орай әр елден жиналған Димаш жанкүйерлері қала көшелеріне оның үлкен суреттерін ілгізген. Бұл жаңалықты Фейсбуктегі Димаштың еуразиялық фан-клубы тобында фанаттарының бірі Ирина Ким жазды.
 

«Димаш қазірдің өзінде Сочиде тұр әрі ол бәріне қарап тұр. Мұны біз жасадық, барлық фанклубтар мен фанаттарға рахмет!!! Қол ұшын созған жандардың барлығына зор алғыс, біздің күш біріктіруіміздің арқасында 31 тамыздан 15 қыркүйекке дейін Сочи қаласында 1 LED-экран, 6 билборд және 3 пиллар афиша ілдік», - деп жазды Ирина Ким.
null null null 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Димаштың қытайлық фанаттары астанадағы ЛЭД экран арқылы әншіге құттықтау жолдаған болатын деп.

Соңғы жаңалықтар