«Сочи» клубы қазақстандық футболшының Ресей азаматы атануына пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Сочи» футбол клубы мен Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Акмаль Бақтияров Ресей премьер-лигасының жаңа маусымында Ресей азаматы ретінде тіркелген. ҚазАқпарат тілшісіне ресейлік клуб мұны техникалық қателік екендігін айтты.

«Сочи» футбол клубының 10 шілде күні жариялаған жазбасында Акмаль Бақтияров Ресей азаматы ретінде таныстырылған. Бірақ, клубтың баспасөз хатшысы Александр Груднев ҚазАқпарат тілшісіне мұны техникалық қателік деп қарастыру керектігін айтты.

«Бұл техникалық қателік. Себебі, қазір Ресей премьер-лигасының сайтына бір күнде бірнеше ақпарат салынады. Бір техник қателесіп жазған болуы тиіс. Мұны дұрыстаймыз», - деп атап өтті А.Груднев.

Айта кетсек, Акмаль Бақтияров жаңа маусымды «Сочи» сапында бастайды. Бірінші ойынын 13 шілде күні «Арцах» клубына қарсы өткізеді.

Соңғы жаңалықтар