Сочи әуежайында Мәскеуден ұшып келген ұшақтың шассиі бұзылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочи әуежайында «Трансаэро» әуе компаниясының Домодедово әуежайынан Сочиге рейс жасаған ұшақтың қонуы кезінде ұшу-қону жолағында тежегіш негізі бұзылды, деп хабарлайды ТАСС.

«Одан кейін, әуе кемесінің тұрағында ұшақтың дөңгелегін ауыстыру жұмыстары өткізілген. Ұшақта 375 жолаушы болды. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ», - деп атап өтті компаниядан.

Ұшақ кейін қайтатын рейске кесте бойынша жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 21:50-де ұшып шығуы тиіс еді, іс жүзінде әуе кемесі сенбі күні сағат 4:30-да ұшып шыққан. Сочиден ұшуды 355 жолаушы күткен, оларға ыстық тамақ пен салқындатқыш сусындар ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар