«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Ақтөбе облысына бес жыл бойы арзан газды жеткізу туралы меморандумға қол қойды (ФОТО)

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде өткен инвестициялық форумның қорытындылары бойынша жалпы сомасы 140,9 млрд.теңгені құрайтын 17 меморандумға қол қойылды.

Ең маңызды құжаттардың арасында облыс әкімдігі мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ арасында аймақтың жаңа инвестициялық жобалар үшін газды тиянақталған арзан бағамен жеткізу және тасымалдау меморандумы болды.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бес жыл бойы жаңа инвестициялық жобалар үшін 200 млрд. текше метр газ бөледі. Бұл кәсіпкерлерді қолдау және инвестицияларды тартуға бағытталған шара», - деп атап өтті журналистерге берген сұхбатында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Сондай-ақ облыс әкімдігі мен Eurasian Resources Group арасында Ақтөбе ферроқорытпа зауытында тазартылған феррохром қалдықтарын қайта өңдеу бойынша меморандумдарға, қол қойылды.

Сонымен қатар Жергілікті атқарушы орган мен «ҚТЖ» АҚ арасында Ақтөбеде көлік-логистикалық орталықты салу жөніндегі меморандумға да қол қойылды.

«Форумның мақсаты - Президенттің инвестицияларды тарту бойынша тапсырмаларын орындау. Форумның қорытындылары бойынша 17 меморандумға қол қойылды, бұл жалпы сомасы 1 млрд.долларды құрайтын 17 жоба болып табылады, екі жылдың ішінде бұл инвестициялар аймаққа келіп жетеді», - деп атап өтті А.Мұхамбетов.

Соңғы жаңалықтар