Сноуден туралы фильмнің авторы АҚШ режиссерлерінің сыйлығын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ режиссерлерінің гильдиясы осы елдің Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден туралы фильмнің авторы Лора Пойтрасты 2014 жылдың үздік документалисі атады, деп хабарланады АҚШ режиссерлері гильдиясының сайтынан.

Лора Пойтрас деректі фильм санатындағы алтын режиссерлік кресло түріндегі сыйлықты Citizenfour ("Гражданин 4") лентасы үшін алды. Сыйлықты табыстау рәсімі сенбі күні кешке Лос-Анджелес қаласында өткен, деп жазады РИА Новости.

Соңғы жаңалықтар