+7 (701) 759 90 19
USD 419.96 EUR 510.88
RUB 5.72 CNY 64.97
Jańalyqtar

Смоленскіден табылған атыраулық жауынгердің сүйегі туған жеріне жеткізіледі

2020 жылғы 5 желтоқсан 02:20
Бөлісіңіз:
Смоленскіден табылған атыраулық жауынгердің сүйегі туған жеріне жеткізіледі

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Смоленск облысынан табылған атыраулық жауынгердің сүйегі туған жеріне жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Переправа» жасағының командирі Наталья Максимованың айтуынша, биылғы қазанда Смоленск облысының Кардым ауданында іздестіру жұмысы кезінде белгісіз жауынгердің сүйегі қазақстандық тарапқа тапсырылған.

Жауынгердің медальонындағы қағазда «Каз ССР. Гурьевская область, г. Гурьев, Баксайский район, посёлок Сарайчик, получить Ербатыровой Рахимой» деген жазу бар.

«Жауынгер өзінің аты-жөнін жазбаған. Бұл біз үшін жұмбақ болды. Қазақстандық іздестірушілерден белгісіз жауынгердің туыстарын табуға көмек сұрадық. 1940 жылдары сол елді мекенде Ербатырова Рахима есімді жалғыз әйел болғаны анықталды» дейді «Переправа» жасағының командирі Наталья Максимова.

Наталья 25 жылдан бері Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен жауынгерлерді іздестірумен айналысады. Өзі Қазақстанда дүниеге келген.

Сол себептен қазақстандық жауынгерлердің аты-жөнін анықтап, сүйегін туған жеріне жеткізуді парызы санайды.

Жақында Смоленк облысынан дерегі табылған белгісіз жауынгердің Сапарғали Мукалов екені анықталды. Жауынгер 1941 жылы Смоленск шайқасына қатысқан.

«Долг» іздестіру бірлестігінің жетекшісі Нина Куликовскихтің айтуынша, майдан даласында қазақ жауынгерлерінің сүйегі жиі кездеседі.

Жақын арада Сапарғали Мукаловтың сүйегі Атырау облысына жеткізіліп, туған жерінде әскери құрметпен жерленеді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Смоленск облысында атыраулық жауынгердің елге жазған хаты табылған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT