Смайыловқа емес, парламенттік көпшілік партияға сенім арттық - Перуашев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев неліктен Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдағандықтарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«AMANAT партиясы Премьер-Министр лауазымына кандидатын ұсынды. Біз бұл жерде Смайылов Әлихан Асханұлына емес, парламенттік көпшілік партияға сенім көрсеттік. Ары қарай нәтижелер не кемшіліктер болса, онда жауапкершілікті Смайыловтан емес парламенттік көпшілік партиядан сұраймыз. Қоғамымыз, сайлаушыларымыз да қандай да бір нәтиже болмаса, онда осы партиядан көреді», - деді БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев.


Соңғы жаңалықтар