Смайылов: ТМД Атқарушы комитеті басқа елдермен жақындасу үшін жаңа мүмкіндіктер жасауы тиіс

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ТМД Атқарушы комитеті басқа елдермен жақындасу үшін жаңа мүмкіндіктер жасауы тиіс. Бұл туралы ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Биыл Қазақстан ТМД-ға төрағалық етеді. Төрағалығымызды іске асыру аясында барлық бағыттардағы өзара іс-қимылды тереңдету бойынша практикалық жұмыс жүргізілді. Біз оны ТМД-да қалыптасқан сабақтастыққа және ұйымның негізгі құжаттарына сәйкес жүзеге асырдық. Бірлескен жұмыстың қорытындысы нақты іс-шаралар кешенін іске асыра отырып, ТМД-ның барлық жарғылық және салалық органдарының отырысын өткізу болды», - деді Әлихан Смайылов.

ҚР Премьер-Министрі Қазақстанның төрағалығы кезінде атқарған жұмыстарына көмек көрсеткені үшін Беларусь Республикасы мен Қырғыз Республикасының тең төрағаларына алғысын білдірді.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Достастық мемлекеттері басшылары кеңесінің жуырдағы отырысында жаңа институттар – ТМД байқаушысы және серіктесін құруға бастама жасады. Атқарушы комитет тараптармен бірлесіп, осы маңызды идеяны пысықтаумен айналысады. Бұл жұмыстың нәтижесі ТМД-ны басқа елдермен және халықаралық құрылымдармен жақындастыру үшін жаңа мүмкіндіктер жасау болуы тиіс», - деді Үкімет басшысы.







Фото: t.me/KZgovernment

Соңғы жаңалықтар