Смайылов Shell компаниясымен Қарашығанақ пен Қашаған кен орындарын игеру мәселесін талқылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Shell компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Зои Юновичпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуде Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын игерудің өзекті мәселелері, газ өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларындағы жобаларды іске қосу жоспарлары, сондай-ақ өндірістегі тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралар талқыланды.

Әлихан Смайылов Қазақстан мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі шараларды іске асыруды жалғастыратынын атап өтті.

Өз кезегінде Зои Юнович компанияның екіжақты әріптестікті нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады. Атап айтқанда, Shell компаниясы мұнай және газ өңдеу саласындағы жобаларды дамытуға әзір.

Қорытындылай келе, Премьер-Министр Үкіметтің мүдделер теңгерімін сақтай отырып, өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға мүдделі екенін атап өтті.


Фото: primeminister.kz

Соңғы жаңалықтар