Smart жарықтандыру: Алматы көшелеріне LED шамдар орнатылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Smart жарықтандыру жобасының төңірегінде Алматы қаласындағы 50 шамға LED жарығы орналастырылады. Бұл туралы АҚ «Алматы қаласын дамыту орталығының» өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы уақытта қаладағы 50 шамға LED сәулелер қондырылады. Нәтижесінде, қаладағы электр энергиясы үнемделетін болады», - деді өкіл.

Бұған қоса, аймақтағы 5 аудан ақылды жарықтандырумен қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, Алатау, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түрксіб аудандарының көшелері.

«Аймақтағы жарықтандыру жұмысының аумағы 137 км-ді құрайды. Оған Алатау, Жетісу, Медеу, Наурызбай, Түрксіб аудандары кіреді. Ал, 2020 жылға дейін тағы 185 км қамтитын көшелерге шамдар орналастырылатын болады», - дейді Алматы қаласын дамыту орталығының қызметкері.

Қазіргі таңда өңірдегі көшелер, сауда орталықтары мен мектептерге 115 мыңнан астам бейнебақылау құрылғысы қойылған. Бұл өз кезегінде қаладағы көлік қозғалысын бақылап, талдап отырады екен.

Айта кетейік, өңірдегі «Ақылды қала» концепциясы «Алматы - 2020» бағдарламасының аясында анықталған болатын. Жобаның мақсаты - қауіпсіздікті арттырып, инфрақұрылымды дамыту. Сондай-ақ, қоғам өмірінің барлық саласындағы мәселелерді шешу. Ал, қауіпсіз қала жобасы бойынша аймақтағы алғашқы істер 2012 жылдан бастап жүзеге асырылды. Соның бірі Корей компаниясымен арадағы келісім. Нәтижесінде, қалаға 105 видео фиксация камералары орнатылып, жол ережесін бұзғандар туралы мәліметтер жинақталған. Бұдан мемлекетке 20 млрд теңге көлемінде табыс түсті.

Соңғы жаңалықтар