«Smart Aqmola» базасында 112 бірыңғай Call-орталығы жұмысын бастайды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында «Smart Aqmola» базасында шетелдік 911 арнайы желісі сияқты 112 бірыңғай Call-орталығы жұмысын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, бүгінгі таңда Ақмола облысы ТЖД Дағдарыс жағдайындағы басқармаға 14 диспетчерлік қызмет кіреді: полиция, жедел жәрдем және барлық коммуналдық қызметтер. Енді «Smart Aqmola» базасында 112 қызметі жұмыс істейтін болды.

«Барлық қоңыраулар осында түседі. Мұнда аудандар мен бағыттар бойынша бөлінеді. 101, 102, 103 болмайды, тек 112 болады, яғни шетелде 911 бірыңғай байланыс орталығы сияқты. Диспетчер барлық өтінімдерді өңдейді және коммутатор арқылы ақпаратты қажетті ауданға жібереді», - дейді Нұрлан Атығаев.

Департамент басшысы атап өткендей, ақмолалықтар көбіне өзге аудандардың диспетчерлік қызметіне хабарласып, мекен-жайын айтады. Ал, өзге аудандардың құтқарушылары айтылған жерге жетіп, тапқанша көп күтіп қалады. Сол себепті, осындайда 112 бірыңғай Call-орталығының көмегі зор болмақшы.


Соңғы жаңалықтар