Словенияның батысында тұман салдарынан 70-ке жуық көлік соқтығысып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Словенияның батыс бөлігінің А1 магистралінде 70-ке дейін көлік соқтығысқан, бұл ел тарихындағы ең көп көлік соғылған ірі апат болып табылады, деп хабарлайды жергілікті STA агенттігінен.

Қаза болғандардың арасында 4 адам бар, тағы 30 адам түрлі жарақаттар алған. Апатта соғылған көліктердің арасында жүк автомобильдері мен автобустар да болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Любляна мен Адриатика жағалауын қосып отырған күре жолдағы апатқа қалың тұман себеп болған.

Жол жабылды, оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар