Словенияда өрт салдарынан оқ-дәрілер жарылып жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Словенияда алапат өрттің таралу аймағында болған үш ауылдың халқы эвакуацияланды. Ел билігі оны тәуелсіз республика болған 30 жылдан астам уақыт ішінде болған ең ірі өрт екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Жалын 2 мың гектардан астам аумақты шарпыды. Жоғары температура салдарынан Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі шайқастардан бері жерде жатқан оқ-дәрілер жарылған. Словениялық өрт сөндірушілерге тұрғындар белсенді түрде көмектесуде.

Францияда соңғы күндері ауа температурасы біршама төмендеді. Бұл өрт сөндірушілерге Жирондта жалынның таралуын бақылауға көмектесті. Бұл аймақта өрт 20 мың гектардан астам орманды жойып, 36 мың адамды эвакуациялауға мәжбүр етті. Бірақ синоптиктер демалыс күндері елдің батысында тағы да ыстық болатынын ескертеді.

Испанияда елдің солтүстігі мен батысындағы орман өрттерін бақылау алу әлі де мүмкін болмай жатыр. Тағы тоғыз ірі ошақ бар. Виго провинциясында әскери қызметкерлер өрт сөндірушілерге көмекке келді. Күшті жел мен аптап ыстық өртті өшіруге әлі де кедергі келтіріп жатыр. Бүкіл корольдік аумағында өрт қаупінің деңгейі өте жоғары.


Фото: ru.euronews.com
Соңғы жаңалықтар