Словения Президенті Д. Тюрктің Астанаға мемлекеттік сапары жоспарлануда

None
None
АСТАНА. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қарашаның 11-і мен 12-сі күндері Астанаға Словения Президенті Данило Тюрктің мемлекеттік сапары жоспарлануда.

 Бұл туралы бүгін елордада өткен апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, сапар аясындағы келіссөздер барысында екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен болашағы, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара әрекеттестік мәселесі қаралып, бірқатар ортақ құжаттарға қол қою жоспарланған.

 «Қазақстанға сапарында Словения Президенті қазақстандық-словениялық бизнес-форум жұмысына қатысып, еліміздің жоғары оқу орындарының бірінде дәріс оқиды деп күтілуде», деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар