Словакиядағы қысқы универсиадада қазақстандық шаңғышы ерлер күміс медальді еншіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Словакияда өтіп жатқан қысқы универсиадада Қазақстан ұлттық құрамасының қоржыны бүгін тағы бір күміс жүлдемен толықты.

Қазақстанның шаңғыдан ерлер құрамасы эстафеталық жарыста мәреге екінші болып жетті. Александр Малышев, Евгений Величко, Евгений Бондаренко, Марк Старостин төрттігі бірінші орынды иеленген ресейліктерге екі минутқа жуық уақытқа ұтылды. Чехиялық шаңғышылар үшінші орынға көтерілді.

Сөйтіп Қазақстан құрамасы бір күнде үш күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл үш жарыста да қазақстандықтар ресейлік спортшыларға есе жіберді.

Қазіргі кезде екі алтын, төрт күміс медальмен қазақстандықтар командалық есепте Ресейден кейін екінші орында келеді.

Соңғы жаңалықтар