+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Словакияда бүгінгі бейбіт өмір үшін жан қиған ерлерге құрметім арта түсті – депутат

2020 жылғы 9 мамыр 12:10
Бөлісіңіз:
Словакияда бүгінгі бейбіт өмір үшін жан қиған ерлерге құрметім арта түсті – депутат

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отан үшін жан қиған есіл ерлердің есімі ұмытылмақ емес. Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі Ерсұлтан Бектұрғанов осылай дейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Екінші дүниежүзілік соғыстың елімізге салған зардаптары, Жеңіске қол жеткізудегі халықтың ерлігі мен еңбегі еш уақытта естен кетпек емес.

«Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай соғысқа қатысып, алдыңғы шепте жан алысып, жан берген майдангерлермен қатар тылда 18-20 сағат еңбек еткен отандастарымызға басымызды иіп, құрмет көрсетеміз. Бүгінгі өскелең ұрпаққа бейбіітшілік пен тыныштық тілейміз», дейді депутат.

Мәжіліс депутатының сөзіне қарағанда, қанқұйлы соғыс іздері Еуропа елдерінде де сайрап жатыр.

Бұдан тура бір жыл бұрын, 2019 жылдың мамыр айында Е.Бектұрғанов сенатор, генерал Нұржан Нұрсипатовпен бірге Парламентаралық Ассамблеяның жұмысына қатысу үшін Словакия астанасы Братиславаға барған.

«Біздің сұрауымыз бойынша елшілік қызметкері Саян есімді дипломат жігіт бізді Чехословакияны азат етуде қаза тапқан кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткіш тұрған жерге алып барды. Бұл мемориал орталықтағы ең көрнекті жерге, қаланың барлық нүктесінен көрінетін биік төбеге орналасқан екен. Екіншіден, жергілікті халық пен билік орындарының оны таза сақтап, туризм орталығына айналдыра білгені сүйсіндірді», - дейді ол.

Отан үшін жан қиған батырлардың барлығының дерлік басына қойылған мәрмәр белгіде олардың туған күні мен жерленген уақыты (1945 жылғы сәуір) көрсетілген.

Сол жерде тұрып, қайран ерлердің өмірі осыншалық қысқа болып, жеңіс туының Рейхстаг төбесінде желбіреуіне санаулы күндер қалғанда үзілгеніне жүрегің қан жылайды, қайғырасың.

Шет жерден мәңгілік мекенін тапқан мыңдаған әскерилердің қатарында бұрынғы Кеңес одағындағы көптеген ұлт өкілдерімен қатар қазақтар да бар.

«Аталарымыздың алдында тізе бүгіп, тағзым етіп, марқұмдарға құран бағыштадық, үнсіз тұрып, еске алдық. Солардың ішінде есімде қалғаны Қоңырқаз Бекмағаметов (Х.1901-1945) және Сейітжан Әбішұлы (1905-1945) деген жауынгерлердің есімі еді. С.Әбішұлына қазақша белгі қойылғанына қарағанда, балалары, немере, шөберелері білетін болуы керек. Ал Қ.Бекмағамбетовтің Қарағандыдан екендігі жазылған. Мемориалдан кетіп бара жатқанда, соншама жерлесіміздің Еуропа жерінде, бір төбенің үстінде қалғанына жүрегің сыздайды. Екінші жағынан, олардың біздің бүгінгі бейбіт те бақытты өміріміз үшін күресіп, жанын бергенін сезініп, ерлерге деген құрметің арта түседі. Біз өткен тарихымызды ұмытпай, тәуелсіз еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін бәріміз де атсалыса білуіміз керек», - деді Мәжіліс депутаты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT