Словакияда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 12 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  -Словакияның батысындағы Нитра қаласында 12 адам автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pravda порталына сілтеме жасап.

Келеңсіз жағдай туралы хабарды естіген Республика премьері Петер Пеллегрини Кипрдегі сапарын тоқтатып, оқиға орнына аттанды.

Автобус сабақтан үйлеріне қайтқан оқушыларға толы болған. Ал жүк көлігі тас тиеп келе жатқан. Соқтығысу салдарынан автобус жол шетіне шығып кетіп, аударылған.

Құтқарушылар бұдан бұрын 13 адамның ажал құшқанын, 20-сының ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған болатын.

Словакия президенті Президент Словакии Зузана Чапутова бұл жол-көлік апатын аса ауыр қайғы деп мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар