Словакия Премьер-Министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14-16 қараша күндері Словакия премьер-министрі Петер Пеллегрини Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.   

Бұл туралы ҚР СІМ-де өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Аталған сапар екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастар тарихында словак үкіметінің басшысы деңгейіндегі алғашқы сапар болмақ.

"Сапар аясында Петер Пеллегринидің Қазақстан Президентімен және Премьер-Министрімен кездесулері және Қазақстан-Словакия бизнес форумына қатысуы жоспарлануда. Словакия Қазақстанды Орталық Азияда алдыңғы қатардан орын алатын, экономикасы серпінді дамыған және маңызды әріптес ретінде қарастырады. Братислава өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға тұрақты қызығушылық танытып отыр", - деді Айбек Смадияров ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен апталық брифингте. 

Өз кезегінде Словакияның транзит-көліктік машина жасау, әскери-техникалық өнеркәсіп, инновациялық технология салалары еліміз үшін айтарлықтай қызығушылық тудырады.

Қаржы министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы екіжақты сауда айналымы 33,5 млн АҚШ долларын құрады.

Фото: tass.ru

Соңғы жаңалықтар