Слаймдар балалардың денсаулығына қауіпті ме

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұмсақ әрі жабысқақ сұйықтыққа ұқсас слаймдар (ойыншықтар) балалардың денсаулығына қауіпті ме? Бұл сұраққа ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің өкілі Дана Қасқатаева жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда жүргізілген мониторинг барысында 1,5 мыңнан астам ойыншық үлгісі тексерілді. Олардың 916-ы талаптарға сай келмейтіні анықталды (60 пайыз). Көбінесе талаптарға сай келмейтін ойыншықтардың 73 пайызы Қытай елінен, 26 пайызы Түркиядан әкелінген. Тексеріс нәтижелері бойынша ойыншықтардың құрамынан уытты көрсеткіштер анықталды. Олар: фенол, фармальдегид секілді қауіпті көрсеткіштер. Қалған 96 пайызында таңбалау ережелеріне сай еместігі және жарақат алу қаупі бар, жас ерекшеліктеріне сай емес екені туралы қағидалардың бұзылғаны анықталды», - деді Дана Қасқатаева.

Баспасөз мәслихаты барысында комитет өкілі қазіргі таңда балалар қызығып ойнайтын слаймдар денсаулыққа қауіпті ме деген сұраққа да жауап берді.

«Слаймдарға да талдау жұмыстары жүргізілген болатын. Әртүрлі қоспалары бар, иісі әртүрлі слаймдардың талапқа сай емес үлгілері анықталған жоқ», - деді Дана Қасқатаева.

Соңғы жаңалықтар