«Славян базарына» сақалды Кончита неге шақырылмады?

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Беларусьта өтетін «Славян базары» музыкалық фестиваліне шараның басты қонағы - «Евровидениенің» жеңімпазы шақырылмады. Бұл туралы немістің Бильд басылымы хабарлады.

Ұйымдастырушылар сақалды Кончитаны шақырудың қажеті жоқ деп тапты.

Әрине, концерттің алдын-ала анонсында биыл да «Евровидение» жеңімпазы келеді деп хабарландырылған болатын. Алайда, байқауды сақалды қыз жеңіп алған соң, пресс-релизге біршама өзгертулер еніп, Кончита Вурсттың шақырылмайтыны белгілі болды.

22 жыл бойы үзілмеген дәстүрдің бұлайша бұзылуын фестиваль директоры Александра Сидоренко: «Біз тым басқамыз», - деп қысқаша түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар