Skybender жобасы: Google дрондары 5G интернетін таратады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Google компаниясының жер шарын дүниежүзілік желімен қамту жөнінде бірнеше көлемді жобасы бар. Интернетті әуе шарларынан басқа, күн батареяларымен жұмыс істейтін автономдық дрондар таратуы мүмкін. The Guardian басылымы жазуына қарағанда, Skybender атауына ие болған бұл жоба аяқталып, сынақтан өткізу кезеңінде тұр.

Google-дің ұшқышсыз басқарылатын аппараттарының көмегімен 5G интернетке сымсыз байланыс орнатуды көздеп отырғаны хабарланды. Аталмыш желінің қосылу жылдамдығы 4G жүйелеріне қарағанда 40 есе жоғары болады. Әзірге жобаның негізгі мәселесі - бұл қамту қашықтығының аз болуы, яғни LTE-терминалдарынан он есе төмен. Мәселені мәліметтерді фокустеліп таратудың көмегімен шешуге болады, алайда әзірге бұл әдіс өте қиын әрі көп қуатты талап етеді.

Google-дің ұшқышсыз басқаралатын аппараттарын Нью-Мексикода сынақтан өткізіп жатқаны хабарланып отыр. Егер ол табысты өтсе, компания жылдамдығы жоғары ғаламторды бүкіл әлемге «таратып жіберетін» мыңдаған дронды жасауды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар