Sky Service әуе компаниясы мен құлаған тікұшақ жайында не белгілі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» тілшілері Sky Service әуе компаниясына тиесілі апатқа ұшыраған Eurocopter 130 жайлы мәліметтерді жинастырды.

«Sky Service» әуе компаниясы 2005 жылы құрылған. Компания тікұшақпен коммерциялық ұшулар мен жергілікті жерлерді мониторингілеу және авиациялық-құтқару жұмыстары саласындағы қызметтерді ұсынады. Әуе компаниясының 12 тікұшағы және 2 ұшағы бар. Компанияның әуе паркінде Eurocopter және Bell Helicopter TEXTRON зауыттарының тікұшақтары бар.

Eurocopter 130 - Францияның Eurocopter компаниясы 2017 жылы шығарған көп мақсатқа арналған тікұшағы. Sky Service компаниясының сайтындағы мәліметтерге сәйкес, ол діріл мен шуыл деңгейі өте төмен, 6 орындығы бар суперзаманауи, барынша тыңғылықты ойластырылған әуе кемесі саналады. Ұшақ сағатын 220 шақырымды қашықты бағындырып, 620 шақырым жерге дейін бара алады. Әуе кемесі кез келген күрделі міндетті орындауға мүмкіндік беретін заманауи құралдармен, навигациялық және радиоэлектронды жабдықпен жабдықталған. Тікұшақтың бұл моделі 7540 метр биіктікке дейін көтеріледі.

Сонымен қатар әуе компаниясында ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті берген № KAZ-02/048 жұмыстарын орындауға мүмкіндік беретін куәлігі бар. Демек, компанияның Қазақстан мен ТМД елдері аумағында жүктерді және жолаушыларды чартерлік тасымалдауға, авиациялық жұмыстарды орындауға құқығы бар.

Бұған дейін Алматы қаласының Наурызбай ауданына қарасты Тау самалы шағын ауданында тікұшақ апатқа ұшырап, ұшқыштың қаза тапқанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ тікұшақ апатына қатысты тергеу жұмыстары басталғандығын жаздық.

Соңғы жаңалықтар