Скринингтермен қамтылу мәселесіне әкімдердің жауапкершілігін енгізу ұсынылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тұрғындардың скринингтермен қамтылуына аудандық әкімдердің жауапкершілігін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде жергілікті жерлерде тұрғындарды скринингтерге тарту жұмысы маңызды мәселе болып тұр. Әрине, біз мақсатты топтарды қамтуды білеміз, алайда кей кездері адамдарға скринингтен өту қажетті туралы ақпарат жетпейді. Яғни бұл адамдар заманауи технологиялар арқылы таратылған ақпаратты назардан тыс қалады», - деді министр Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатынан кейін.

«Бүгінде жергілікті жерлерде тұрғындарды скринингтерге тарту жұмысы маңызды мәселе болып тұр. Біз мақсатты топтың қаншалықты ақпараттандырылғанын білеміз. Алайда скринигтен өту керектігі жөнінде ақпарат барлық адамдарға толық жетпей қалуы ықтимал. Өйткені олардың кейбірінің заманауи технология көмегімен таратылған ақпаратты алуға мүмкіншілігі болмауы да мүмкін», - деді министр Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатынан кейін.

Осы орайда Е. Біртанов ақпаратты әрбір адамға жұмыс орындарында, мектептерде және басқа да жолдармен жеткізу тұрғысында жергілікті атқарушы органдардың жұмысы маңызды екенін атап өтті.

«Бұл тұрғыда әкімдер жұмысы тиімділігі көрсеткішіне скринингтер тиімділігі мәліметін енгізу қажет деп санаймыз. Біздің ұсыныс аясында аудандық әкімдер скрининтермен қамтылу деңгейіне жауапкершілік алуы керек», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда қатерлі ісік диагнозымен диспансерлік байқауда 181 мың адам тұр. Елжан Біртанов қазақстандықтар қатерлі ісіктің қай түріне жиі шалдығатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар