+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

СҚО жолдарында автопатруль макеттері пайда болды

2020 жылғы 21 қазан 10:14
Бөлісіңіз:
СҚО жолдарында автопатруль макеттері пайда болды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында автопатрульдердің 14 макеті орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
700-ден астам атыраулық жүргізуші көліктеріне ксенон таққан Алматыда нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полиция қызметкері жазаланды «Сарыөзек-Көктал» күре жолы жабылды - Алматы облысы

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аудандық бөліністердің басшылары автопатруль макеттерін жолдарда

құқықбұзушылықтардың алдын алудың қосымша элементі ретінде қолданбақ. Олар апаттар жиі орын алатын учаскелерге орнатылды.

Мамандардың айтуынша, жылдамдық өлшегіштер, алыстан көрінетін жол белгілері жүргізушілерді тәртіпке салуда «көмекші» құралдар.

«Құқықтық тәртіпті нығайту үшін жолдарды қосымша жабдықтау мәселесі үнемі бақылауда.

Апаттылық деңгейіне әсер ететін негізгі фактор - жүргізушілердің тәртібі», - деді СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев.

Жыл басынан бері СҚО-да жол-көлік оқиғалары салдарынан 21 адам көз жұмды, олардың жартысынан көбі республикалық және жергілікті

маңызы бар жолдарда болған. Яғни 29 апат тіркеліп, 11 адамның өмірі қиылды.

Мамандардың айтуынша, республикалық маңызы бар жолдарда жаяу жүргіншілер өтетін елді мекен маңдарында жүргізушілердің назарын аударатын 30 белсенді жол белгісі орнатылған. Соның 14-і автопатруль макеттері.

Жалпы СҚО-да күн сайын жолдарды патрульдеу үшін 15 экипаж шығады, олар тек заңдылықты қадағалап қана қоймай, кез келген күтпеген жағдайда адамдарға көмектесуге дайын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT