+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

СҚО жолдарына патрульдік автокөліктердің макеті қойылды

2019 жылғы 9 қараша 04:30
Бөлісіңіз:
СҚО жолдарына патрульдік автокөліктердің макеті қойылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының маңызды тас жолдарында патрульдік машиналардың макеттері пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда «Еgemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығы тойланды Бокстан Азия чемпионатының жартылай финалында 15 қазақстандық өнер көрсетеді Түркістанда ұлттық валюта күніне орай теңгелер көрмесі ұйымдастырылды

Алыстан патрульдік машинадан аумайтын бұл макеттер жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы макет М.Жұмабаев ауданында республикалық маңызы бар «Челябі-Новосібір» тас жолы бойында қойылды. Көшпелі макеттер трассаның апат жиі болатын қауіпті аймақтарына орнатылады. «Алдын-алу шарасының нәтижесі бар», - дейді тәртіп сақшылары. Көлік жүргізушілері патрульдік машинаны көріп, алыстан жылдамдықты түсіре бастайды екен.

«Тас жолдарда жылдамдықты шектен тыс асыру жиі кездеседі. Оның салдары жол-көлік апатына апарады. Сараптама республикалық маңызы бар жолдарда жол-көлік апатының азайғанын көрсеткенімен, қайғылы жағдайларға жол бермес үшін барлық тиімді іс-шараларды қолдану қажет», - дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жыл басынан облыстан өтетін республикалық жолдарда 26 апат тіркеліп, 9 адам қаза тапты, 45-і жарақат алды. Былтыр 38 көлік жол-көлік апатында 26 адам мерт болса, 60-ына дәрігерлердің көмегі қажет болған.

Облыстық патрульдік полиция батальонының 15 экипажы күнделікті 1347 шақырымға созылып жатқан республикалық маңызы бар жолдарда кезекшілік атқарады. Енді оларға жолдағы тәртіпті сақтауға арнайы макеттер көмектеспек.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT