СҚО жолдарын күтіп ұстауға 8 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеп, күтіп ұстауға биыл 7,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасының мәліметінше, былтыр өңірдегі жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеп, қалыпты ұстауға 26,9 млрд теңге бөлінді.

Оның 9,3 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен бағытталды. Бұдан басқа республикалық жолдарды жөндеуге 8,6 млрд теңге берілді.

«35,5 млрд теңге берілсе, бұл қаражатқа республикалық маңызы бар 100 км, 11,2 млрд теңгеге облыстық маңызы бар 240 км, 7,2 млрд теңгеге аудандық маңызы бар 259 км, «Ауыл – Ел бесігі» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында 8,5 млрд теңгеге елді мекендердің көшелері жөнделді. Нәтижесінде 117 мың тұрғыны бар 150 елді мекеннің жол жағдайы түзелді. Осылайша, жағдайы жақсы облыстық маңызы бар жолдар 69 %-ды құрады», - дейді СҚО жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Баяхмет.

Биыл жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеп, күтіп ұстауға бюджеттен 7,8 млрд теңге бөлінген.

Жалпы СҚО-да республикалық маңызы бар – 1970 км, облыстық – 1983 км және аудандық маңызы бар – 5043 шақырым бар.

«Жөнделген жолдардың сапасы бақылауда болды. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК филиалымен келісімге отырдық. Олар кесте бойынша жөнделіп жатқан нысандарға барып, тексеріп отырды. Бұдан басқа «Сапалы жол» жобасы бар. Автомобиль жолдарының жағдайына мониторинг жүргізеді. Қоғам өкілдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, «Nur-Оtan» партиясының мүшелері, БАҚ өкілдері кірген арнайы мониторингтік топ жұмыс істейді», - дейді Мақсат Баяхмет.

Былтыр басқарма жасалған мәмілені жарамсыз етіп, қаражатты қайтарып алуға және ЖШС-ні мемлекеттік сатып алудың алақол қатысушысы деп тану мақсатында «ТОИР» ЖШС қатысты сотқа екі талап арыз жолдады.

Алайда бұл екі арызды да сот қайтарып жіберді.


Соңғы жаңалықтар