СҚО жолдарын қардан тазалауға биыл 943 млн теңге бөлінді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өңір жолдарын қыста күтіп ұстауға арналға жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде 9 мыңға жуық шақырым жол қыс бойы назарда болады. Оның ішінде үнемі қар алып қалатын 549 учаске бар. Жолдарды күтіп-ұстауға биыл 943 млн теңге бөлінген. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 1,6 есе көп.

Петропавл қаласын қардан аршуға қолданылатын арнайы техника мен адамдардың саны биыл 20% артты. Нәтижесінде облыс орталығының 300 км жолын қамтуға мүмкіндік бар.

«Тұрғындарға жолдарды қардан тазалауға қанша қаражат, құм жұмсалатыны маңызды емес. Олар атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін көрулері тиіс. Көпшілікке қолжетімді карта жасау керек. Ол жерде әр тұрғын коммуналдық қызметтің жұмысымен танысып, қай көшенің тазаланып жатқанын көруі керек.

Мердігерлердің жұмысын бақылауда ұстау қажет. Бұл іске жұртшылықты тартып, газон, бордюрлерді бүлдіруге және көшеттерді сындыруға жол бермеу керек. ПИК-тер аулалардан қарды шығарады, коммуналдық қызметтер оны артып алып кетеді. Бизнес субъектілері де өз аумақтарының таза болуына жауап береді», - деді жиын барысында СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.


Соңғы жаңалықтар