СҚО жастары патриоттық акция өткізді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы Жастар сарайында «Менің елім - Мәңгілік Ел» жалпыреспубликалық жастар акциясы өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне «Қоғамдық келісім» РММ баспасөз қызметінен.

Акцияға өңір жастарының 650 өкілі қатысты. Олардың арасында СҚМУ мен колледж студенттері, СҚО ҚХА жастар қанаты, этномәдени бірлестік мүшелері, жастар ұйымдарының белсенділері бар.

«Қоғамдық келісім» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Асемгүл Есқожа атап өткендей, акцияның мақсаты - еліміздің барлық аймақтарындағы жастардың  тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесі мен жетістіктерін көрсету.
null  

«Акцияның негізгі құрауышы «Мәңгілік Ел» жастарының жетістіктері - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» - «Достижения молодежи «Мәңгілік Ел» к 25-летию Независимости Республики Казахстан» кітабын табыстау болып табылады. Кітапқа Тәуелсіздік жылдары жастардың қол жеткізген жетістіктері, Мемлекет басшысына арналған жастардың үндеуі жазылады», - деді Асемгүл Есқожа.

Кітапты Солтүстік Қазақстан жастарына қарағандылық құрдастары жолдады. Бүгін кітап Ақмола облысына аттанды.

Айта кеткен жөн,Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен құрылған «Менің Елім - Мәңгілік Ел» жалпыреспубликалық жастар акциясы 2016 жылы 4 қарашада Талдықорған қаласында бастау алған еді. 

null 

Соңғы жаңалықтар