+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

СҚО тұрғыны пакетке салынған жауынгерлік граната тауып алды

2020 жылғы 28 қазан 00:36
Бөлісіңіз:
СҚО тұрғыны пакетке салынған жауынгерлік граната тауып алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында ер адам ауыл сыртынан пакетке салынған жауынгерлік гранатаны тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Имантау ауылының тұрғыны тауып алған қауіпті зат туралы Айыртау ауданының полициясына хабарлаған. 55 жастағы ер адам өзінің асыл тұқымды иттерін серуендету үшін ауыл сыртына шыққан. Сол жерден граната салынған пакетті тауып алған. Ауыл тұрғыны жарылғыш затты полицейлер келгенше үйілген шөптің арасына тығып қойған.

Облыстық Полиция департаментінің жарғыштехник мамандары гранатаны шөптің арасынан алып шыққан. Сарапшылардың пікірінше, ол – қауіпті жауынгерлік қол гранатысы. Полиция оны залалсыздандырып, қауіпті жарылғыш заттарды тасымалдауға арналған контейнерге орналастырды.

«Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, оның аясында сараптама тағайындалады. Граната табылған жерге де тексеру жүргізілді. Басқа жарылғыш зат табылған жоқ», - дейді Айыртау ауданы полиция бөлімінің бастығы Марат Серкешев.

Сараптама қорытындысы шыққаннан кейін гранатаны СҚО ПД мамандары полигонда жояды. Полицейлер кез келген күдікті зат табылған жағдайда дереу полицияға хабарлау керектігін ескертеді. Мұндай қауіпті заттарды өз бетімен тасымалдау қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыру қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT