СҚО тұрғыны орынсыз қалжыңы үшін бір жарым жылын түрмеде өткізетін болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавлдағы сауда үйлерінің бірінде бомба қойылғанын айтып, ішкі істер органдарына жалған ақпарат берген 51 жастағы әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, осы жылдың сәуір айында сотталушы әйел «Сокол» сауда үйіне жарылғыш қойылды» деп хабарлап жұртты дүрліктерген болатын. Жалған хабарламаның кеселінен қаладағы барлық күш құрылымдары жұмылып, халықты қауіпсіз жерге көшіріп әуреге түскен болатын. Ақыры аталмыш сауда үйінен бомба табылмады. Көп өтпей жалған хабар беріп қоңырау шалған адам ұсталды.

«Сот үкімімен 51 жастағы сотталушы бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, жыл басынан бері облыс аумағында дәл осындай 7 жағдай тіркелген. Әсіресе, мұндай орынсыз қалжыңның нысаны ретінде адамдар көп жиналатын орын таңдалатын көрінеді.

Соңғы жаңалықтар