СҚО тұрғыны орман ішінде үш күн адасып жүрген

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында полиция адасып кеткен балықшыны іздеп тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, орман ішінде көп жүрген полицейлер - Руслан Мұжыбаев пен Андрей Бондаренко Камышлово ауылының тұсынан адасып кеткен ер адамды тапқан.

«Ер адам өте шаршапты. Ол бұзылып қалған көлігінен 30 шақырым алыстап кеткен. Үш күн адасып жүргенде ол ұйықтай алмаған, себебі жауынан кейін орманның ішінде тынығатын құрғақ жер болмаған. Ер адам өте әлсіреп қалған, оның үстіне ол таяуда ғана инсульт алған», - деп мәлім етті баспасөз қызметіндегілер.

Р. Мұжыбаевтың айтуынша, адасып кеткен адам бұрын табиғат аясына жиі баратындықтан сондағы білетін дағдылары көмекке келген.

55 жастағы Петропавл тұрғыны Қызылжар ауданындағы Плоское көлінен балық ауламаққа аттанған. Алайда жолда көлігі бұзылып қалады. Ол жақын ауылдың біріне жаяу жетпек болады, бірақ бағытынан жаңылып қалады.

«Келесі күні оның досы іздей бастады. Ол балықшымен телефон арқылы тілдескен. Алайда ол байланыс аясынан тыс жерге кетіп қалған. Осыдан кейін ол телефонмен бірнеше рет байланысқа шықты, алайда біркелкі орман іші оны табуға көмектеспеді. Кейін адасып қалған адамның телефонының қуаты бітті», - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Бастапқыда іздеу ТЖД жұмыстарына құтқарушылар кірісті, алайда олардың қатарына полицейлер де қосылды. Аудандық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары, құтқарушылар және облыстық ІІД-нен келген қызметкерлерден іздеу топтары жасақталған.

Еске сала кетсек, жыл басынан бері өңірде 33 адам жоғалып кеткен, соның 27-і табылды.

 

Соңғы жаңалықтар