СҚО тұрғындарының 30 пайыздан астамы бизнеспен айналысуда

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда «Даму» қорының СҚО бойынша филиалында аймақ бизнесмендері және екінші деңгейдегі банк өкілдерінің қатысуымен «Кәсіпкер күні» атты кезекті ай сайынғы шара болып өтті.

«Аталған шара «В2В» формасындағы кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылау және жедел шешу мақсатында ұйымдастырылды. Оған СҚО-ның барлық аудандарынан 70-ке жуық кәсіпкер мен екінші деңгейлі банктердің 13 өкілі қатысты», - деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Мәнкеев шараның қатысушыларына облыста 2015 жылы кәсіпкерлікті дамыту қорытындылары туралы ақпарат жеткізіп, 2016 жылға белгіленген міндеттермен таныстырды.

Қаржылық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдаудың тиімді шараларының бірі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы болып табылады.

Бүгінде шағын және орта бизнестің жалпы аймақтық өнімдегі үлесі бүгінде 25,2 пайызды құрап отыр, СҚО аталған көрсеткіш бойынша республика аймақтарының арасында 5-ші орында тұр.

2015 жылдың 9 айында шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілері 224 млрд. теңгеге өнім шығарған (2014 жылы 200,2 млрд. теңгеге өнім шығарылды немесе өсім 7,1 пайызды құраған).

ШОК-те 110 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр (2014 жылы - 107 мың адам, 2,8 пайызға көп) немесе экономикалық белсенді тұрғындардың 32 пайызы.

Ауылдық жерлер үлкен әлеуетке ие. Бағдарлама қатысушыларының жалпы санына шаққанда мемлекеттік қолдауға ие болған ауылдық кәсіпкерлердің салыстырмалы салмағы 53 пайызға дейін өсіп, 115 жобаны (2014 жылы - 32,8 пайыз немесе 64 жоба) құраған.

2
3

Соңғы жаңалықтар