СҚО тұрғындарына өзен-көлдерде су температурасының төмендегені жайлы ескертілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында суға шомылу маусымы ресми түрде жабылған, мамандар өзен-көлдерде су температурасының төмендегенін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, 2 қыркүйек күні кешке, гидрологиялық бекеттерде су максималды түрде жылынған кезде судың орташа температурасы 17,6 градус болды. Соның ішінде Шал ақын мен Есіл аудандарында су ең аз жылынған, мұнда 16 градус шамасында ғана.

Гидрометеорологтар су температурасын 19 гидрологиялық бекетте тәулігіне екі рет өлшейді.

«Қазір ауа райы жылы болғанымен, су қоймаларында орташа су температурасы төмендеді. Сол себепті бұл уақытта суға шомылу қауіпті, суық тигізуден бұрын арты өлімге әкелуі мүмкін. Суық суға түскен кездеол жүрек-қан тамырларға кері әсер етіп, күш түсіреді. Қан тамырлар тарылып, тромб үзіліп кетуі мүмкін. Сондай-ақ созылмалы аурулар ушығуы ықтимал. Температураның күрт ауысуынан сіңір тартылып қалады, ал бұл өте қауіпті. Мұндай жағдайда адамда үрей пайда болып, суға кетуі мүмкін», - дейді мамандар.

СҚО-да суға шомылу маусымы ресми түрде жабылған. Биыл жазда 22 адам, соның ішінде 6 бала суға кетіп, мерт болды.


Соңғы жаңалықтар